Оқиға • 24 Наурыз, 2024

Степногорсктегі жол апаты: үш адам көз жұмды

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Степногорск полициясы 23 наурызда болған жол-көлік оқиғасы неге атысқа ұласқанын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Степногорсктегі жол апаты: үш адам көз жұмды

Фото: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Полиция департаменті қызметкерлері тәртіп бұзған Toyota Land Cruiser-ді байқап, тоқтатпақ болған. Бірақ ол талапқа бағынбай, оқиға орнынан бой тасаламақ болған. Кейіннен құқық бұзушы басқа көлікпен соқтығысып, сол жерден де қашып кеткен.

«Полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыны ұстау туралы шешім қабылдады, ол үшін автокөлікті қудалау ұйымдастырылды. «Құқық қорғау қызметі туралы» бапқа сәйкес, көлік құралын мәжбүрлеп тоқтату үшін қызметтік қару қолданылды.

Қозғалысын жалғастыра отырып, құқық бұзушы «Заводской-Индустриалды аймақ» тас жолына шығып, «Ауди 80» көлігімен бетпе-бет соқтығысқан, оның ішінде жүргізуші мен екі жолаушы болған», деп хабарлады полициядағылар.

Полицияның мәліметінше, апат салдарынан үшеуі де оқиға орнында көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Медициналық сараптама Toyota Land Cruiser жүргізушісінің мас болғанын көрсетті. Тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Toyota Land Cruiser жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп хабарлады ведомство өкілдері.