Қоғам • 26 Наурыз, 2024

Алматы облысында 3 жасар қыз әлі де іздестіріліп жатыр

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында 17 наурыз күні үйінен шығып, қайта оралмаған 3 жасар қыздың іздестіріліп жатқанына 10 күн болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында 3 жасар қыз әлі де іздестіріліп жатыр

Фото: Алматы облысы ПД

Оқиға Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында болған. Полицияға баланың анасы кешке хабарласқан.

«Арнайы жедел әрекет ету жасағының инспекторлары, кинологтар, жергілікті полиция қызметкерлері мен жедел бөлімшеден арнайы жедел-іздестіру тобы құрылды. Қазіргі таңда арнайы дайындалған иттер арқылы ауқымды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», деді Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.

Баланы іздеу үшін арнайы комиссияға жергілікті тұрғындар да қосылды.