Заң • 26 Наурыз, 2024

Бишімбаев ісі: ертең алқабилер құрамы жасақталады

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең, 27 наурызда Қ. Бишімбаевтың ісін қарайтын алқабилер құрамына кандидаттарды іріктеу үшін жабық сот өтеді. Бұл туралы Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Бишімбаев ісі: ертең алқабилер құрамы жасақталады

Фото: Ашық дереккөзден

Жабық сот Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді.

Бұл сот отырысында 12 адамнан тұратын (10 негізгі, 2 қосалқы) алқабилер алқасы жасақталады.

Ведомство өкілдері түсіндіргендей, іріктеу алқабилердің жеке басын жария етпеу мақсатында жабық форматта өтеді.