Ауа райы • 26 Наурыз, 2024

Ертең елімізде ауа райы қандай болады?

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК мамандары 2024 жылдың 27 наурызына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ертең елімізде ауа райы қандай болады?

Фото:tolqyn.kz

Синоптиктердің болжамынша, Батыс Қазақстанның орталығында жүріп жатқан белсенді циклон мен сонымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуынан еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды әрі желді ауа райы күтіледі.

«Еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында ғана антициклонға байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстан бойынша тұман көрініс табады, оңтүстік өңірде найзағай ойнап, күн райы құбылмалы болады, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады деп күтіледі», деді синоптиктер.