Аймақтар • 26 Наурыз, 2024

Таразда жолаушылар автобусы өртеніп кетті

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараз қаласында Мәмбет батыр көшесінің бойында жолаушылар автобусы өртке оранды, деп хабарлайды Egemen.kz Жамбыл облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Таразда жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Бүгін сағат 17:43-те Жамбыл облысы ТЖД күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының телефонына Тараз қаласы, Мәмбет батыр көшесінің бойында жолаушылар автобусының өртенгендігі туралы хабарлама келіп түсті.

«Шақырту орнына Департаменттің күштері мен құралдары( 16 адам жеке құрам және 4 бірлік техника) жедел жетті. Өрт сөндірушілер өртті 18:00-де  ауыздықтап, 18:06 -да толық сөндірді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Тәлімбақтар тапшылығы

Аймақтар • Бүгін, 09:05

Қыз мінезді қыс

Пікір • Бүгін, 09:00

Ет экспортына талап жоғары

Экспорт • Бүгін, 08:50

Мал шаруашылығында өсім бар

Шаруашылық • Бүгін, 08:45