Жәдігер • 26 Наурыз, 2024

Ұлу керней

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақтың түсінігінде ұлу деген – теңізде тіршілік ететін жұмсақ денелі омыртқасыз жәндік. Бас­қаша айтқанда, құрттың бір түрі. Адамдар оның сыпырылып қалған сауытын теңіз түбінен тереді. Қатты сауытты құлағыңызға тоссаңыз ерекше уіл естіледі. Ал үрлесеңіз керней дыбысы шығады.

Ұлу керней

Ерте кезде көшпелілер теңіз ұлуы­ның сауыт-қабыршығын пай­даланып, үрмелі аспап жасаған екен. Түрлі дыбыс шы­ғаратын аспап. Осы әрқилы дыбыс арқылы жұртқа хабар жеткізеді. Мысалы, «жау шапты» десе басқаша үнмен, «құрметті қонақ, елші келді» десе бөлек үнмен, сондай-ақ «шұғыл жиналыс өткізу» қа­жеттілігі туса, тағы бір үн шығарып, жұртқа хабар беретін болған.

Көшпелілер дала соғыстарында ұлу кернейдің үні ар­қылы «шабуылдау», «шегіну», «бөктерлей соғу», т.б. жауын­герлік қимыл жасауға қолданған. Мысалы, қырғыз халқының эпосы «Манас» жырында:

«Шаң аспанға бұрқырап,

Тұс-тұстан қол қиқулап,

Қара жерді шайқалтып,

Дабыл қаға шу тартып,

Жез кернейлер даңғырап,

Жез сырнайлар жамырап,

Найза ұштары қылтылдап,

Қол қарыса былқылдап,

Балташылар бөлініп,

Найзашылар көрініп,

Шаң ауада ұйлығып...»

деп жырланады.

Осы жырда айтылғандай, ұлу сауы­тының сырты берік болу үшін жезбен қаптайтын болған. Жа­қында Моңғолия елінің астанасы Ұлан­­батыр қаласына барған са­пары­мызда сол елдің Ұлттық му­зейінде сақтаулы тұрған ХІХ ғасыр мұрасы ұлу қабыр­шықты сыр­най-кернейлерді көрдік