Қылмыс • 27 Наурыз, 2024

Қазақстан азаматтары Бишімбаевтың сотын онлайн көре алады

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан азаматтары азаматтық некедегі әйелін өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сотын онлайн көре алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан азаматтары Бишімбаевтың сотын онлайн көре алады

Бұл туралы Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесіне қоғамның жоғары қызығушылығын ескере отырып, осы іс бойынша ашық сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды», делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, ашық режимдегі сот отырыстары алқабилерді іріктеуден кейін өтеді.

«Жоғарғы Соттың ресми Telegram-арнасына жазылыңыздар және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында хабарламаларды қарап отырыңыздар», делінген хабарламада.