Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі қоғамдық қызығушылықтың артқанын ескере отырып, іске қатысты ашық сот отырыстарын онлайн трансляциялайтын болды. Соттың баспасөз қызметі сілтемені Telegram каналында жариялайды.
Естеріңізге сала кетейік, Бишімбаев ісі бойынша басты сот бүгін, 27 наурызда өтеді. Сондай-ақ бүгін жабық отырыста алқабилер құрамы белгілі болады. Негізгі алқабилер 10 адамнан тұрады, тағы екеуі қосымша таңдалады.