Фото: Астана қалалық соты
Бұл туралы Жоғарғы Сот хабарлады.
«Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу өтті. Алқабилер алқасына 12 адам таңдалды. 10-ы негізгі құрам, 2-уі қосалқы құрам. Бишімбаевқа қатысты сот процесіне қоғамның қызығушылығын ескере отырып, осы іс бойынша ашық сот отырысынан онлайн трансляция ұйымдастыруға шешім қабылданды», деді ҚР Жоғарғы Сотының ресми өкілі Ерлан Ахмеджанов.
Сот отырысы, бүгін, 27 наурыз 16:00-де басталды.
Еске салайық, сот процесі онлайн режимде Жоғарғы Соттың әлеуметтік желідегі парақшасынан көрсетіліп жатыр.