Заң • 27 Наурыз, 2024

Бишімбаевтың ісі сотта қайта қаралады

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі қаралды, деп жазады Egemen.kz.

Бишімбаевтың ісі сотта қайта қаралады

Фото: сот процесінен скриншот

Ашық сот Жоғарғы Соттың әлеуметтік желідегі парақшасында онлайн режимде көрсетілді. Процеске бүгін жасақталған алқабилер құрамы да қатысты.

Отырыста мемлекеттік айыптау тарапы іс бойынша айыптау актісін оқыды.

Сот барысында экс-министр бұл жолы да қылмысты мойындамайтынын мәлімдеді.

Бишімбаев ісінің судьясы Айжан Құлбаева келесі сот отырысын 29 наурыз, сағат 10:00-ге бекітті.