Қазақстан • 28 Наурыз, 2024

«Шәкәрім оқулары» мәреге жетті

250 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Республикалық «Шәкәрім оқулары» биыл да жалғасты. Мектеп оқушылары арасында өткен байқауға қатысуға ниетті жасөспірімдер қатары осы жолы да көп болды, деп жазады Egemen.kz.

«Шәкәрім оқулары» мәреге жетті

Екі айға жуық еліміздің барлық аймағында іріктеу сыны өтіп, үздік шыққан талапкерлер Астанада өткен қорытынды байқауға жолдама алған еді. Кеше Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапханада рухани іс-шара өз мәресіне жетті. Байқауға «Adal as» өндірістік компаниясы демеушілік жасады.

Ұлттық академиялық кітапхана мен «Adal as» өндірістік компаниясының ұйымдастыруымен еліміздің барлық аумағын қамтыған рухани іс-шара биыл екінші рет өтті. Байқауға еліміздің барлық аумағынан 2000-нан аса үміткер қатысып, ерекше белсенділік танытты. Кеше топ жарған 18 жас шәкәрімтанушылар Астанаға жиналып, ақтық сынға қатысты. Былтыр басталып, дәстүрге айналған «Шәкәрім оқуларының» мақсаты Шәкәрім шығармаларын насихаттау, оның терең философиялық еңбектерін жас ұрпақтың түсініп, ой түюіне мүмкіндік беру болатын. Біз биыл да бұл үдеден шықтық деп ойлаймыз, өйткені оқушылардың Шәкәрім шығармашылығын тануға деген ізденістері сүйсінтті, дейді Ұлттық академиялық кітапхана директоры Ғазиза Құдайбергенқызы.

15

Республикалық байқауға 17 облыстан  19 кітапхана жұмылып, бірінші кезең қатысушыларына іріктеу жасаған екен. Ал ақтық сынға 5-8 сыныптарда оқитын 18 жасөспірім келіп, өзара бақ сынасты. Қортынды байқауға ақын, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Жанат Әскербекқызы, «Шәкәрім оқулары» II республикалық байқауының өтуіне қолдау білдіріп, демеушілік көрсеткен кәсіпкер, мецанат Ермек Мезібаев, абайтанушы, Абай академиясы ғылыми-зерттеу институтының директоры Жандос Әубәкір, ақын, «Дарын» жастар сыйлығының лауреты Қалқаман Сарин, және Ұлттық академиялық кітапхана директоры Ғазиза Құдайбергенқызы әділ қазылық етті. 

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде Астана қаласының 5 сынып оқушысы Қилымбекұлы Едігеге бұйырды. Ал 1 орынды Тараз қаласының 7 сынып оқушысы Әділахмет Әдия, 2 орынды Батыс Қазақстан облысынан келген, 8 сынып оқушысы  Ислямқызы Кәусар, 3 орынды Абай облысынан 5 сынып оқушысы Әлібек Айару жеңіп алды. Жеңімпаздарға және өзге қатысушыларға демеушілер есебінен бағалы сыйлықтар берілсе, жетекшілері арнайы алғыс хаттармен марапатталды.