Елорда • 28 Наурыз, 2024

Астанада екі жаңа базар салынып жатыр

65 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың Сарыарқа ауданында екі жаңа базардың құрылысы жүріп жатыр. Жалпы инвестиция көлемі 10 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz

Астанада екі жаңа базар салынып жатыр

фото: ашық дереккөз

Қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаевтың айтуынша, базарлар жеке ақшаға салынып жатыр. Пайдалануға беру 2025 жылға жоспарланған.

Ол сауда инфрақұрылымын дамыту аясында құны 180 млрд теңгеден асатын 10 жоба (сауда орталықтары, қойма кешендері, көкөніс сақтау қоймалары) жүзеге асырылып жатқанын айтты. Мысал ретінде Мақсат Жаңабаев пайдалануға берілген аумағы 10 мың шаршы метр және кез келген санаттағы 700 мыңға дейін әртүрлі тауарларды (тамақтан бастап электроника мен құрылыс материалдарына дейін) сақтауға мүмкіндігі бар «Озон» логистикалық орталығын атап өтті.

«Сонымен қатар, сыйымдылығы 150 мың шаршы метрді құрайтын, құны 47 миллиард теңгеге жуық осындай кешен құрылысына Wildberries компаниясын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл шаралар елордада электронды коммерцияны дамытуға ықпал етеді», деді Мақсат Жаңабаев қалалық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.