Фото: ҚР ТЖМ
ТЖМ және әкімдіктердің күшімен 2,3 млн м3 астам еріген су алынған, 162 мыңнан астам қапшық және 31 587 тонна инертті материал төселген.
Авариялық-құтқару жұмыстарына 6349 адам, 2192 бірлік техника, 689 бірлік су айдау құралы және 55 бірлік жүзу құралы, ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ҰҚК, ҰҰ, жергілікті атқарушы органдардың 12 әуе кемесі жұмылдырылған.
«Жедел желі» телефондарына 392 қоңырау келіп түсті, еліміздің 12 өңірінде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істейді.
Еліміздің 7 өңірінде 435 жеке тұрғын үй мен 329 аула аумағы, сондай-ақ Ақтөбе облысында 75 саяжай үйі мен 9 ғимарат, көпқабатты тұрғын үйлердің 12 ауласы, Ақмола облысында балабақша мен ТЖ ауруханасы су астында қалып отыр.
18 автожолды су шайып кеткен, оның ішінде 4 көпір және 14 жол төсемі бар. 26 елді мекенде көлік қатынасы жоқ.