Оқиға • 29 Наурыз, 2024

Алматы тұрғыны үй күзетшісін ұрып өлтірген (видео)

65 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда ер адам тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатігездікпен өлтірді. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы тұрғыны үй күзетшісін ұрып өлтірген (видео)

фото: видеодан скриншот

Үй тұрғындарының айтуынша, шабуыл жасаған ер адам ұзақ жылдар бойы ата-анасымен осы тұрғын үй кешенінде тұрады. Олардың айтуынша, ер адам нашақорлыққа шалдыққан. Сол түні ол үйіне келіп, қақпаны ашып тұрған күзетшіні көлігімен әдейі қағып соқты, артынан көліктен түсіп, оған жұдырық ала жөнелді. 

Күзетші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды. Марқұмның артында үш баласы қалғанын айта кету керек.

Алматы Полиция департаменті адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғын үй кешенінің күзетшісі мен тұрғыны арасында жанжал шығып, нәтижесінде 45 жастағы ер адам күзетшінің өміріне сәйкес келмейтін дене жарақаттарын келтіріп, күдікті ұсталып, уақытша қамауға алынды. Қылмыстың басқа мән-жайлары анықталып жатыр», деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.