Саясат • 29 Наурыз, 2024

Боао Азия форумы: Қазақстан-Қытай қатынастары нығаяды

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хайнань аралында өткен Боао Азия форумы Қазақстан мен Қытай үшін маңызды әрі өзекті тақырыптарды қозғады. Біз энергетикалық ауысу, жасыл және төмен көміртекті даму, технологиялық инновациялар, жасанды интеллект, цифрлық сауданы жеделдету сынды бағыттарды дамытуымыз керек.

Боао Азия форумы: Қазақстан-Қытай қатынастары нығаяды

Фото: akorda.kz

ҚХР аталған салалар бойынша өз позициясын жоғары қарқынмен кеңейтетіні аян. Қытай -  Қазақстанның прогрессивті және тұрақты болашағына қолдау көрсетуге қабілетті негізгі сауда серіктестерінің бірі. Ол әрдайым технологиялық көшбасшы ретінде әрекет етеді.

Өз кезегінде, Қазақстан Орталық Азиядағы жетекші экономикаға ие бола отырып, жаһандану жағдайында Қытай үшін неғұрлым әділ халықаралық қаржы жүйесін құру бойынша сенімді әріптес ретінде аяғында нық тұр.

Шын мәнінде, форум аясында Мемлекет басшысы белгілеген қаржы ағындарын кеңейту, цифрландыру арқылы жеткізу тізбегінің ашықтығын арттыру, бірлескен инновациялық жобаларды іске асыру мақсатында жетекші азиялық технологиялық алпауыттармен технологиялық ынтымақтастықты нығайту, транзиттік-көліктік ынтымақтастықты кеңейту сияқты барлық мәселелер іс-шараның күн тәртібімен тығыз байланысты болды. Сонымен қатар, Президент айтқан практикалық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған барлық тақырыптар екі ел үшін де өте тиімді.

Тиісінше, Қазақстанның барлық маңызды халықаралық форумдарға қатысуы мемлекет басшысының халықаралық ынтымақтастықты ілгерілетуге, экономикамызға инвесторларды тартуға, мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге ерекше назар аударатынын айқын көрсетеді.

 

Әділхан ГАДЕЛЬШИЕВ,
Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы