Аймақтар • 30 Наурыз, 2024

Қызылорда облысында ауыл әкімдігі бір литр бензинді 18 мың теңгеге сатып алмақ болған

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті сатып алулардың бірыңғай терезесіне тұрақты негізде мониторинг жасау арқылы 131 млн теңгеден астам бюджет қаржатының негізсіз жұмсалу фактісін анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Қызылорда облысында ауыл әкімдігі бір литр бензинді 18 мың теңгеге сатып алмақ болған

Атап айтқанда, Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті әкімінің аппараты жалпы көлемі 7 260 литр «АИ-92» маркалы бензиннің 1 литрін 18 303 теңгеге, яғни нарықтық құнынан 100 есе асып, сатып алуды жоспарлаған.

Департамент мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына сатып алу бағасын қайта қарап, оны сәйкестендіру жөнінде ұсыныс хат жолдады.

«Атқарылған жұмыстың қорытындысымен 131 млн теңге шамасында бюджет қаражаты үнемделді, әкімдіктің жауапты тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада.