Фото: Сенаттың баспасөз қызметі
«Біздің депутаттық топ жұмысының мақсаты – Президент қойған міндеттерді сапалы орындау шеңберінде сындарлы алаң қалыптастыру. Депутаттық топ құрылған күннен бастап азаматтық қоғам институттарымен әлеуметтік келісім және ұлттық бірлік, еліміздегі ұлтаралық қатынастарды үйлестіру саласында бірқатар маңызды істер атқарылды. Кездесулер, семинарлар, кеңестер өтті. Бүгінгі іс-шараны біздің ағымдағы жұмысымыздың жалғасы деп санауға болады», деді депутат.
Кездесу барысында Закиржан Кузиев Сенатқа Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған бес депутаттың атқарған жұмысы туралы айтып берді. Ол сенаторлар халықпен 150-ден астам көшпелі кездесу өткізіп, 5 заңға бастамашы болғанын, оның біреуіне Президент 2023 жылдың соңында қол қойғанын хабарлады.
«ҚХА-дан сайланған сенаторлар халықтан 130-дан астам өтініш қабылдады, мәселелердің басым бөлігі шешілді, қалған өтініштер бақылауымызда тұр. 130-дан астам депутаттық сауалдар жария етілді, олардың басым бөлігі ҚХА-ның 32-ші сессиясында Президент айтқан тапсырмаларды орындауға қатысты болды. Біздің «бестіктің» барлық жұмысы белсенді түрде жария етілді. Әлеуметтік желілерде 300-ден астам мақала жарияланды және телеарналарда сөз сөйленді, мұның өзі барша азаматтарға біздің жұмысымызды көруге және бағалауға мүмкіндік береді», деді сенатор З.Кузиев.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Мәжіліс депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшелері қатысты.