Қоғам • 31 Наурыз, 2024

Су тасқыны туралы жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылады

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ел азаматтарын су тасқыны туралы жалған ақпарат таратпауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Су тасқыны туралы жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылады

Фото: Pixabay

Ол өзінің Facebook парақшасында әлеуметтік желілерде жалған ақпарат тарап жатқанын айтты.

«Еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан өте күрделі төтенше жағдай орын алып жатыр. Бұл ретте әлеуметтік желілерде оқиға орнынан нақты ақпарат қана емес, арандатушылық сипаттағы жалған ақпараттар да тарап жатыр. Кейбір азаматтар ақпараттың шынайылығын тексермей, таратып жібереді. Бұл онсыз да су тасқынының бел ортасында апатпен күресіп жатқан төтенше жағдайлар қызметінің жұмысын қиындата түседі. Бұл техникалық құралдардың тапшылығы жағдайында тиімді жұмысқа орасан зор зиян келтіреді», деп жазды А.Балаева.

Ол адамдарды ақпаратты таратқанда олардың дұрыстығына көз жеткізуге шақырды. Жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылады.