Фото: Ашық дереккөзден
Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан батысқа қарай 308 км жерде орналасқан.
Жерасты дүмпулері 2 балдық көрсеткіште Жамбыл облысының Меркі ауылында сезілген.
«Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.2. MPV магнитудасы 5.3. Эпицентрдің координаттары 42.77° С. Е. 73.18° Ш. Б. тереңдігі 25 км. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Жамбыл облысындағы Меркіде 2 балл», делінген Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан хабарламада.
Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ. Мониторинг жүргізіліп жатыр.