Қоғам • 01 Сәуір, 2024

«Сен оны сегіз сағат бойы қинап өлтірдің». Нүкенованың анасы сотта жылап қалды

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы барысында Салтанат Нүкенованың анасы эмоциясына ерік берді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Сен оны сегіз сағат бойы қинап өлтірдің». Нүкенованың анасы сотта жылап қалды

фото: Жоғарғы соттын YouTube арнасы

Бишімбаев айғақ бере бастағанда, Нүкенованың анасы орнынан тұрып, сотталушыға эмоционалды түрде сөйледі.

«Мен әйелім Салтанатты қасақана немесе саналы, жоспарлы түрде жасалған ерекше қатігездікпен өлтіру фактісін мойындамаймын...», деп бастады сөзін Бишімбаев.

Осы кезде марқұмның анасы ызаланып, орнынан тұрып даусын көтеріп сөйледі.

Нүкенованың анасы Бишімбаев қызын сегіз сағат бойы өлтіргенін айтты.

«Сен оны сегіз сағат бойы өлтірдің. Өткеніңді айтып берейін бе? Баланы қалай өлтіргеніңді...», деді сотқа қатысушы сотталушыға.

Судья Айжан Құлбаева процеске қатысушылардан сот залында тәртіпті сақтауды талап етті.

«Басқа бөлмеге өтіңіз немесе сот залында тыныштық сақтаңыз», деді Құлбаева.

Естеріңізге сала кетейік, Қуандық Бишімбаев кешірім сұрап, айыптаушы тараптан кешірім күтпейтінін мәлімдеген. Сондай-ақ ол кінәсін мойындамайтынын бірнеше рет қайталап айтқан.