Аймақтар • 01 Сәуір, 2024

Өскеменде екі бала газдан уланып қалды

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаланың Шығыс кентінде орналасқан жеке үйде екі бала көмірқышқыл газынан уланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскеменде екі бала газдан уланып қалды

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Облыстық төтенше жағдайлар қызметі мәлім еткендей, оқиғаға пештің мұржасының тазаланбауы себеп болған. Екі жасөспірім ауруханаға жатқызылды.

«1 сәуірде Өскемен қаласы, Шығыс кентіндегі жеке тұрғын үйде қатты отынмен жылытылатын пешті пайдалану ережесі бұзылып, салдарынан үй иесінің 2007 және 2008 жылы туған балалары газдан уланып, ауруханаға жатқызылды», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Құтқарушылар пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелеріне мұқият болуды сұрайды.