Экономика • 03 Сәуір, 2024

Екіжақты байланыс нығайып келеді

127 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматы облысы мен Қытай Халық Республикасының экономикалық әріптестігі жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Елдер арасындағы тауар айналымының артуы, бірлескен транзиттік жобаларды жүзеге асыруы, инвестициялық түрлі келісімдерге қол жеткізу – тараптар арасындағы байланыстарды бекемдеп, жаңа деңгейге көтерді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 1,1 млрд доллар болды. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданынан (ШҰАР) келген делегациямен ресми кездесуде мәлімдеді.

Екіжақты байланыс нығайып келеді

Өңір басшысы облыста эконо­ми­калық байланыс­тарды жаңғырту және нығайту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың белсенді еке­нін атап өтті.

«Коммерциялық айна­лымды одан әрі арттыру мақ­сатында «Қалжат құр­­ғақ порты» деп атала­тын халықаралық цифрлы кө­ліктік-логистика хабын ен­гізу жоспарланып отыр. Ло­гистика мен сауда са­ла­сындағы бизнесті дамытуға арнал­ған заманауи алаң салу жобасына жергілікті инвес­торлар да қызығушылық танытып үлгерді.  Бұл жоба Қытайдан жүк тасымалдауды ұлғайтып, көліктік және ауыс­тырып тиеу қызметін атқа­ратын маңызды алаң бол­мақ», деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ ол өңірдегі халықаралық қатынастарды дамытудағы елеулі прогресті атап өтті. Айтуынша, табыс экономиканың түрлі саласында инвестициялық жобаларды іске асырумен байланысты.

«Бірлескен инвестиция­лық жобаларды іске асыру эко­номикалық өсуге ғана емес, шетелдік әріптестермен байланысты нығайтуға да ық­пал етеді. Осының арқа­сында біздің өңіріміз әртүрлі елдің инвесторлары мен кәсіп­керлері үшін барған сайын тартымды бола түсуде, бұл жал­пы өркендеу мен дамуға ықпал етеді», деп атап өтті өңір басшысы.

Шыңжаң-Ұйғыр авто­но­миясы халық үкіме­ті­нің төрағасы Эркин Ту­нияз Қазақстан мен ШҰАР ара­сындағы сауда, өнеркәсіп, көлік, логистика, ауыл ша­руа­шылығы және туризм сияқ­ты түрлі саладағы табыс­ты ынтымақтастыққа ерекше тоқталды. Бірлескен инвес­тициялық жобаларды жү­зеге асыру бойынша Ал­ма­ты облысы мен ШҰАР ын­тымақтастығының бола­ша­ғына зор сенім білдірді.

«Алматы облысы – Қазақ­станның негізгі көлік жолдарының қиылысында орналасқан ірі өлкесі. Ло­гистика мен сауданың қар­қынды дамуына ықпал ететін стратегиялық орталық. Ал­маты қаласы мен Қытай ше­ка­расының жақын орналасуы бұл аймақтың маңыз­ды көлік торабы ғана емес, сонымен қатар жүк және жолаушы тасымалын ұлғай­тудағы қуатты катализаторы екенін көрсетеді. Бұл өңір­лер арасындағы тиімді байланысты қамтамасыз етіп, аймақтық деңгейде де, ұлттық деңгейде де экономикалық дамуға септігін тигізеді», деді Эркин Тунияз.

Кездесу соңында Эркин Тунияз экономиканың түрлі саласындағы екіжақты ынты­мақ­тастықтың нығая түсеті­нін, сондай-ақ бұрын қол жет­кізілген келісімдердің жүзеге асатынын айрықша атады.

 

Алматы облысы