Фото: stan.kz
Министрдің мал шаруашылығы және ветеринария мәселелері жөніндегі орынбасары министрліктің және оның аумақтық бөлімшелері мен облыстар әкімдіктерінің іс-қимылдарын үйлестіру жөніндегі тікелей тұлға ретінде бекітілді, Ауыл шаруашылығы министрлігі комитеттерінің аумақтық бөлімшелерінің басшылары облыстық штабтардың құрамына енгізілген.
Су басқан өңірлердегі мал өлімінің алдын алу мақсатында малды қауіпсіз жайылым орындарына көшіру жұмыстары ұйымдастырылды. Жедел деректер бойынша шамамен 30 мың бас мал қауіпсіз жерге айдалды.
Сонымен қатар қауіп-қатердің әлі де сейілмей отырғанына және су тасқынының болжамды екінші толқынына байланысты жергілікті атқарушы органдар халықты ақпараттандыру және қауіпті жерлерден малды алдын ала айдап әкету бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр.
Өкінішке қарай, су тасқынына байланысты мал шығынынан құтылу мүмкін болмай отыр. Сондықтан қазір өлген мал саны есептеліп, деректер нақтылануда.
Эпидемиялық қауіп-қатерді азайту үшін өңірлерде «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РММ мамандары жұмыс істеп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің салалық бағынысты ұйымының балансында техника, дезинфекциялау құралдары, отын қоры, сондай-ақ өлген мал өлекселерін жоятын инсинераторлар бар. Су тартылғаннан кейін министрліктің эпизоотияға қарсы жасағы облыстар әкімдіктерімен бірлесіп өлген жануарларды жинап, жоюға кіріседі.
Ауыл шаруашылығы министрлігі қызметкерлері өздерінің тікелей міндеттерін орындаумен қатар, су тасқынына қарсы күрес және олардың зардаптарын жою жұмыстарына жұмылдырылған.
Су тасқыны салдарынан ТЖ режімі кезінде мал өлген жағдайда өтемақы жергілікті бюджеттерден, сондай-ақ басқа да қаржы көздерінен төленетін болады.
Су басқан орындардан айдалған мал басына азық жетіспеген жағдайда, «Азық-түлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ фермерлердің өтінімдері бойынша төлемдерді кейінге қалдыру шартымен малға азық жеткізуді ұйымдастыруға мүмкіндігі бар. Ол үшін облыстық штабқа төмендегі нөмірлер арқылы хабарласу қажет: