Аймақтар • 03 Сәуір, 2024

Су тасқыны: Ұлттық ұлан авиациясы гуманитарлық жүк жеткізді

206 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері су тасқыны болған аудандарда тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Олар жергілікті халықты табиғи апат аймақтарынан көшіріп, эвакуациялық пункттерге гуманитарлық көмек жеткізуде. Сонымен қатар су жағаларын нығайту жұмыстарын орындап, қарғын судың арнасын бұрумен шұғылданып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Су тасқыны: Ұлттық ұлан авиациясы гуманитарлық жүк жеткізді

Фото: Ұлттық ұлан

Өткен тәулікте құқықтық тәртіп әскерінің 6 әскери бөлімі және авиациялық базасының әскери қызметшілері Қазақстанның бес өңірінде – Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысты.

Ұлттық ұлан ұшқыштары су басқан елді мекендерден тұрғындарды эвакуациялауды жалғастыруда. Ұлттық ұлан авиациясының екі МИ-171Е тікұшағы Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында маңызды міндеттер атқарып жүр. Ұландық авиация экипажы 28 адамды қауіпсіз жерге көшірді, оның 18-і балалар. Сондай-ақ 2 тонна көлемінде дәрі-дәрмектер мен азық-түлік жеткізілді.

Мәселен, 6655 әскери бөлімнің әскери қызметшілері саны 4 ауысымда 500 әскери қызметші (150 адамнан 1, 2 және 3 ауысым, 4 ауысым-50), сондай – ақ 17 бірлік техника  10 шақырым жерде орналасқан Кирпичный елді мекенінде тонауға жол бермеу жөніндегі қызметті ұйымдастыруға тартылды.

5517 әскери бөлімінің (Орал қ.) 60 әскери қызметшісі мен 2 техника бірлігі Орал қаласындағы Асан елді мекенінде (бұдан әрі – елдімекен) су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге қатысуды жалғастыруда, бұл мекен тұрақты орналасу пунктінен  7 шақырым жерде орналасқан.

Еліміздің шығысында 5512 әскери бөлімінің бөлімшелері (Павлодар қ.) саны 50 әскери қызметші және 3 техника бірлігі 210 км қашықтықта Жалаулы елді мекені су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге қатысты.

6697 әскери бөлімінің (Қостанай қ.) жеке құрамы 100 әскери қызметші және 8 техника бірлігі Жангелдин ауданы Тауш кентіндегі 530 км қашықтықта орналасқан су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге қатысады.

- Жедел мақсаттағы бірінші батальонның күшімен қауіпті аудандарды нығайту үшін 500-ден астам қап құм дайындалды. Ең қауіпті учаскелерде нығайту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар суды ағызу үшін ағындар құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл саяжайлар мен жолдарды су басудың алдын алу үшін қажет, - деп атап өтті 6697 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы рота командирінің орынбасары лейтенант Әлішер Қайролдинов.

5451 әскери бөлімінің жеке құрамы (Қарағанды қ.) саны 50 әскери қызметші және 4 техника, су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге қатысты. Олар 110 км қашықтықта орналасқан Самарқанд су қоймасы ауданында қапшықтарды дайындау және төсеу жолымен жасанды бөгет тұрғызды.

Қазақстанның солтүстік өңірінде - Солтүстік Қазақстан облысының Заречный кентінде су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге 6637 (Петропавл қ.) әскери бөлімінің 50 әскери қызметші және екі техника бірлігі бар офицерлері, сержанттары мен сарбаздары қатысады.

Жалпы, су тасқыны басталысымен 1228 әскери қызметші, 61 бірлік авиа және автомобиль техникасы тартылды. 832 адам эвакуацияланды, жалпы ұзындығы 8355 метр арықтар тазартылды, 53270 қапшық төселді, диверсиялық жұмыстар кезінде 250 кг аммонит жұмсалды, гуманитарлық көмек – 6800 килограмм жеткізілді.