Қоғам • 03 Сәуір, 2024

Сот Бишімбаевтың ісі бойынша барлық бейнежазбаларды қарайды

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі сот отырысында прокурор Айжан Аймағанова айыпталушы Қуандық Бишімбаевтан толық жауап алу мақсатында іске қатысты барлық бейнежазбаларды қарауды сұрады.

Сот Бишімбаевтың ісі бойынша барлық бейнежазбаларды қарайды

Фото: Arbat.media

«Бишімбаев сот алдында куәлік беру кезінде өзін әйелін қатты сүйетін, әйелі айтқанның барлығын орындайтын қамқор ер азамат ретінде көрсетті. Ендеше, оның 8 қарашада қалай «қамқорлық» көрсеткенін көрейік», деді мемлекеттік айыптаушы.

Осы орайда прокурор Нүкенованың жеке телефонын пайдалануды ұсынды. Заттай дәлелдемеге  Салтанаттың құрбысының ұялы телефоны да жататынын айта кету керек, онда ұрып-соғу туралы деректер сақталған.

Айтбек Амангелді видеодан алынған кейбір кадрларды тікелей эфирде көрсетпеуді ұсынды, оның айтуынша, тікелей эфирді ересектер ғана емес, балалар да көруі мүмкін.

Судья айыптаушы тараптың өтініштерін қанағаттандырды. Сот жәбірленуші тараптың пікірін де қолдады. Іске қатысты фотосуреттер мен видеоматериалдар тек алқаби құрамына ғана көрсетіледі.

Бишімбаев айыптаушы тараптың өтініші туралы пікір білдіріп, фотоматериалдарды тікелей эфирде көрсетуге болатынын айтты.  көрсетуге болатынын айтты.

«Вранчев мырза (адвокат) дене жарақаттары бейнеленген суреттерді көрсеткісі келмейтінін айтып отыр, ал мен керісінше болғанын қалаймын. Интернетте Салтанаттың дене жарақаттарына қатысты жалған ақпараттар тарап жүр. Мен бұл суреттерді алқабилер де, қоғам да көргенін қалаймын. Себебі қазіргі уақытқа дейін айтылғанның барлығы шындыққа жанаспайды», деді сотталушы.

Судья Айжан Құлбаева Бишімбаевтың бұл пікіріне: «Аталған іс бойынша шешімді қоғам емес, алқабилер алқасы қабылдайтынын еске салғым келеді», деп жауап берді.