Аймақтар • 03 Сәуір, 2024

Атырау мұнай өңдеу зауыты неге түтіндеді?

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Атырау мұнай өңдеу зауытындағы желінің бірінен қара түтін будақтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау мұнай өңдеу зауыты неге түтіндеді?

«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімінің ақпаратына қарағанда, түтін бүгін, 3 сәуірде сағат 13:58-де шыққан.

«Зауыттағы кондицияға сәйкес емес мұнай өнімдерін қабылдау желісінен түтін шықты. Сағат 14:03-те түтін толықтай жойылды. Мұның зауыттағы технологиялық нысандардың жұмысына әсері тиген жоқ», деп хабарлады зауыттың қоғаммен байланыс бөлімі.

Өнім қабылдау желісіндегі түтіннің шығуына не себеп болғаны белгісіз. Қазір оқиғаның себебін анықтау басталды.