Әскер • 04 Сәуір, 2024

Әскер қатарына алынды

89 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жүзге жуық ақтаулық әскерге шақырылушы ҰҚК Шекара қызметінің Алматы, Маңғыстау облыс­та­рын­дағы бөлімшелеріне аттанды. Дәстүрге сай әскерге ша­қырылған 22 жас жігітті шығарып салу рәсімі облыс­тық Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің саптық алаңында өтті.

Әскер қатарына алынды

Салтанатты іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Маралбек Сейілов, Ауған­с­тандағы облыстық соғыс арда­герлері кеңесінің төр­ағасы Бай­рам Мамедов, об­лыстық тәжік-ауған шека­ра­сын­да­ғы ұрыс қимылдары арда­гер­лері кеңесінің төрағасы Асхат Абдулин, әскерге шақы­ры­лу­шылардың туыстары мен жа­қын­дары қатысты.

– Бүгін сіздер өңіріміздегі ҰҚК Шекара қызметінің жаға­лау күзетіне қызмет етуге аттанып бара жатырсыздар. Сіздерге мықты денсаулық, әскери қызметте табандылық және оқу-жауынгерлік мін­дет­терді орындауда жетістік ті­леймін. Отан қорғау жо­лын­­дағы қызметтеріңіз сәтті өтсін, – деді облыстың Қор­ғаныс істері жөніндегі депар­та­ментінің басшысы, подполковник Руслан Балтеміров.

Іс-шара барысында жас­тар­­­ға Қарулы күштерден ес­­те­­лік сыйлықтар тапсырылды. Мем­лекеттік құрылымдар мен жұрт­шылық жы­лы­ ле­біз­­дерін білдіріп, ақ жол ті­леді.

– Қызметтеріңді абырой­мен атқарып, аман-есен ора­лу­ла­ры­ңа тілектеспін. Біз сен­дер­ді мақ­тан тұтамыз. Ота­ны­мыз­дың нағыз қор­ғау­шысы бола­тын­дарыңа сенім­діміз, – деді әскерге шақы­ры­лу­шы­лар­дың бірі­нің анасы Шынар Қиянова.

Көктемгі әскерге ша­қы­ру науқаны барысында Маң­ғыс­тау өңірінен 18-27 жас ара­л­ығындағы 600-ден астам жас жігітті мерзімді әскери қыз­­метке шақыру жоспарла­нып отырғанын айта кету керек. Оның 250-ге жуығы Қа­рулы күштер қатарына, 240-тан астам адам Ұлттық ұлан­ға және 100-ден астам әскер­ге шақырылушы ҰҚК Шекара қызметіне қызмет етуге аттанбақ.