Балалар • 04 Сәуір, 2024

Балалардың жазғы демалысына әзірлік

173 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүй­се­но­ваның төрағалығымен өткен кеңесте балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.

Балалардың жазғы демалысына әзірлік

Фото: gov.kz

Жиынға тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Аталған бағытта атқарылып жат­қан шаралар туралы Оқу-ағарту министрінің орынбасары Еділ Оспан баяндады.

Биылғы маусымда мектеп жасындағы балалардың 85%-ын жазғы белсенді демалыс шараларымен қамту көзделіп отыр. Айта кетейік, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін лагерьлерге тегін жолдамалар қарастырылады.

Дайындық шараларын үй­лес­­тіру үшін республикалық және өңірлік деңгейде штабтар құрылған. Оның құрамына мем­лекеттік органдардан бөлек, салалық бірлестіктер те енген.

Министрлік лагерь түрлеріне (жыл бойы қызмет көрсететін, елді мекен сыртындағы, мектеп жанындағы, т.б.) байланысты бірыңғай талаптар бекітті.

«Алдын ала мәлімет бо­йын­ша елімізде оқушылар үшін 10,5 мыңнан аса лагерь жұ­мы­сы ұйымдастырылмақ. Ол жер­де демалыстан бөлек, таным­дық бағдарламалар да қарасты­рылады. Қазір біз лагерьлер жұмысына жауапты органдар үшін ұйымдастыру тетіктері қарастырылған жадынамаларды әзірледік. Одан бөлек демалыс орнындағы қауіпсіздік шаралары туралы семинарлар өткізіп, науқанның барлық түрін қамтитын әдістемелік құралдарды әзірлеуді қолға алдық», деді Еділ Оспан.

Тамара Дүйсенова демалыс орындарында санитарлық талаптардың қатаң сақталуы қажеттігіне мән берді. Бұл ретте Денсаулық сақтау министрлігіне лагерьлердің сәйкестігін жіті тексеруді тапсырды.

«Балалардың қауіпсіздігі бас­­ты назарда болуға тиіс. Бұл ретте Санитарлық-эпиде­мио­ло­гиялық қызмет, Төтенше жағ­дай­лар, Ішкі істер министр­ліктері бір­л­есе жұмыс атқарғаны жөн. Балалармен жұмыс істей­тіндер арнайы дайындықтан өтуге тиіс. Құқық қорғау органдары лагерьде қызмет көрсететін тұлғаларды алдын ала тексеруі керек. Бір сөзбен айтқанда, балаларды демалысқа жіберген ата-аналар олардың қауіпсіз жерде жүргеніне сенімді болуы қажет. Бұған салғырт қарауға болмайды», деп ескертті вице-премьер.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру шаралары бір­неше кезеңге бөлініп, тиісті мер­зімдер бекітілді. Тамара Дүй­­сенова мүдделі мемлекеттік ор­ган­дарға дайындық жұмыс­тарының уақтылы әрі сапалы өт­кізілуін қатаң бақылауды жүктеді.