Аймақтар • 04 Сәуір, 2024

Әскерилер су тасқынымен күресуді жалғастырып жатыр

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігі елдегі су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Әскерилер су тасқынымен күресуді жалғастырып жатыр

Фото: Massaget.kz

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылында су басу қаупін болдырмауға бағытталған су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр. ТЖД құтқарушысы, ЖАО мен ПД қызметкерлері және 53 адам жұмылдырылды.

Сондай-ақ Ақмола облысының Аршалы ауданының Талапкер, Анар, Қостамар, Жібек жолы, Ыбырай Алтынсарин ауылдарында Шымкент қаласының құтқарушылары жұмыс істеп жатыр. Осы уақытқа дейін Шымкент қаласының құтқарушылары 49210 м3 су сорып алып, 4 430 құм қапшықтарын дайындады.

Одан бөлек, Ақмола облысының су тасқынына қарсы жұмыстарына Қарағанды қаласының 52859 әскери бөлімінің әскери қызметшілері де жұмылдырылды.

ТЖМ Әскери күштері Қаражар және Оразақ ауылдарының маңында жағалауларды инертті материалдармен нығайтумен айналысады.