Аймақтар • 04 Сәуір, 2024

Шығыста су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізіліп жатыр

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы бойынша қар жамылғысының ауданы 67% құрайды. Күршім, Тарбағатай, Зайсан аудандарының, Өскемен қаласының жазық аумағында қар жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ТЖ департаментіне сілтеме жасап.

 

Шығыста су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізіліп жатыр

Фото: ШҚО ТЖД

Өңірде дауылды ескерту жарияланды. Қардың белсенді еруіне байланысты су деңгейінің көтерілуі және беткейлік ағындардың қалыптасуы мүмкін.

Тиісті мекемелер су айдындарында тұрақты мониторинг жүргізіп жатыр. Ал құтқарушылар үйлерді аралап, тұрғындарға су тасқынындағы тәртіп ережелеріне нұсқау беріп отыр.

р

«Жағдай күрделене түскен жағдайда жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметтері құралымдарының саны  2270 адам, 732 бірлік техника, сондай-ақ 61 бірлік жүзу құралдары мен 234 мотопомпалар болатын күштер мен құралдар қалыптастырылды», делінген хабарламада.

Еске салайық, төтенше жағдай кезінде 112 қысқа нөміріне хабарласу қажет.

г