Президент • 04 Сәуір, 2024

Президент Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын аралады

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында қарғын су басқан аумақтарды тікұшақпен аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын аралады

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Дәлірек айтқанда, Президент Теректі, Сырым және Қаратөбе аудандарында қалыптасқан жағдайды бақылады.

мп

Облыс әкімі  Нариман Төреғалиев Президентке 6 аудан мен Орал қаласын су басқанын баяндады.

ш

Қарғын су 552 тұрғын үйге, 427 саяжай теліміне зиян келтірген. Өңір басшысының айтуынша, су тасқынына қарсы шараларға 1911 адам, 332 техника, 101 мотопомпа, 1 тікұшақ жұмылдырылған. Сонымен қатар құтқару жұмыстарына Алматы және Маңғыстау облыстарының құтқарушылары атсалысып жатыр. Қарғын су басқан аумақтардан 7 мыңға жуық тұрғын көшірілген, жедел-эвакуациялау пункттері құрылған. Зардап шеккендерге біржолғы материалдық көмек көрсету үшін жергілікті бюджет есебінен 63 миллион теңге қаржы бөлінді.

ш

Қазіргі уақытта су айдау, нысандардың жан-жағын топырақпен қоршау және су жүретін құбырларды кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ш

щ

ш

ш