Аймақтар • 04 Сәуір, 2024

Елімізде тағы бір су қоймасы тасуы мүмкін

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша облыстық штабтың отырысын өткізді. Басты міндет - халықты және аумақтарды су тасқынынан қорғау, барлық қызметтердің іс-әрекеттерін үйлестіру.

Елімізде тағы бір су қоймасы тасуы мүмкін

Отырыста өңір әкімдерінің Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және су тасқынына қарсы іс-әрекеттерін күшейтуге бағытталған жұмыстары туралы баяндамалары тыңдалды. Кеңес барысында Құмар Ақсақалов әкімдер мен күш құрылымдарына бірқатар нақты тапсырма берді.

«Қазіргі уақытта су  Жоғарғы Тобыл және Қаратомар су қоймаларының ернеуінен асты. Бірер күннен кейін Қаратомар су қоймасы тасуы ықтимал. Секундына 250 текше метрден астам су жүрген жағдайда төмен жатқан елді мекендерді су басу қаупі басым. Атап айтқанда, Рудный қаласына қарасты Перцев селосы, Б. Майлин ауданының Юбилейный кенті, Қостанай қаласындағы бақша қоғамдары және Қостанай ауданының Тобыл өзеніне жақын аумақтардың шеткі көшелеріне қауіп төніп тұр.

Осыған байланысты тұрғындарды мүлкімен, төрт түлігімен эвакуациялау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырамын. Барлық аудан және қала әкімдеріне бұған басымен жауап беретінін еске саламын. Су тасқынына қарсы іс-шаралар кешенді түрде жүзеге асырылуы тиіс.

Қазіргі жағдайға даяр болуымыз қажет. Оңтүстік өңірлердегідей емес, біздің бүгінгі жағдайға толықтай даярланатын мерзіміміз болды, әлі де 1-2 күн уақытымыз бар. Біреу мүлкін жоғалтса, үйін немесе коммерциялық нысанын су басса, жауаптыларға қатаң шара қолданылатын болады», деді облыс әкімі.

г

 

Қостанай облысы