Төтенше жағдай • 04 Сәуір, 2024

Петропавлда төтенше жағдай жарияланды

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 4 сәуірде Петропавл қаласында төтенше жағдай жарияланды, деп жазады Egemen.kz.

Петропавлда төтенше жағдай жарияланды

Фото: ашық дереккөз

Қала әкімдігі 2024 жылдың 26 наурызынан бастап қала аумағында қардың қарқынды еруі салдарынан жеке секторларды жаппай су басқанын мәлімдеді
«Кәріз коллекторлары мен суағарларға түсетін жүктеменің артуына байланысты, Абай көшесі бойындағы коллектор істен шыққан еді. Салдарынан тұрғындардың қалыпты тыныс-тіршілігі бұзылып, бірнеше тұрғын үй су астында қалды. Авариялық жағдайды жою және тұрғындарға келтірілген шығынды минимизациялау мақсатында қала әкімінің шешімімен 2024 жылы 4 сәуірден бастап Петропавл қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланады», делінген қала әкімдігі таратқан хабарламада.