Қоғам • 07 Сәуір, 2024

Қарғын су басқан өңірлерде 3 мыңға жуық медицина қызметкері жұмыс істеп жүр

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Оразалиева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ОКҚ сайтына сілтеме жасап.

Қарғын су басқан өңірлерде 3 мыңға жуық медицина қызметкері жұмыс істеп жүр

Фото: ОКҚ

«Су басқан аудандарда 300-ге жуық жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр. 30 психолог жұмылдырылды. Жүкті әйелдер мен балалардың жағдайына ерекше назар аударылып жатыр. Мәселен, өткен тәулікте Құлсары қаласындағы перзентханадан 12 әйел, оның ішінде 5 жүкті әйел медициналық ұйымдарға көшірілді»,  деді спикер.

Су тасқыны басталғаннан бері барлығы 84 жүкті әйел эвакуацияланып, мерзімі жақын 31 әйел ауруханаға жатқызылған. Қазір уақытша орналастыру пункттерінде 990 бала бар.

«4 мыңнан астам су сынамасының 133 сынамасы гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейді. Жалпы, сәйкес келмейтін сынамалар бойынша көрсеткіш өткен екі жылдың қорытындысы бойынша орташа республикалық жылдық көрсеткіштен аспайды. Өңірлерде санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр және министрліктің тұрақты бақылауында тұр», деді ведомствоның ресми өкілі.

Соңғы жаңалықтар

Үш айда 7 145 жұмысшының құқығы қорғалды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

1650 адам қала тазартуға қатысты

«Таза Қазақстан» • Кеше

«Жеміс»

Мың бір мысал • Кеше

Дәм сезбейтін аспаз

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Мода дегеніміз...»

Сатира • Кеше

Жеңіс тарихы ұмытылмайды

Өшпес даңқ • Кеше