Аймақтар • 08 Сәуір, 2024

Ақмола облысында екі мың үйді су басу қаупі сейілді

39 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жедел шаралардың арқасында бес мыңнан астам адам тұратын 25 елді мекенде екі мың үйді су басу қаупі сейілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақмола облысында екі мың үйді су басу қаупі сейілді

фото: AMANAT

Ақмола облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Марат Оспанов атап өткендей, бүгінгі таңда эвакуацияланған 526 тұрғын үйлеріне оралды.

18 мыңнан астам бас мал дер кезінде эвакуацияланып, малдың қырылуына жол берілмеді.  

«Қазіргі таңда облыстың бес аймағында су тасқыны жағдайы тұрақталып, шарықтау шегіне жетті. Бұл Степногорск қаласы, Біржан сал ауданы, сондай-ақ Ақкөл, Ерейментау және Егіндікөл аудандары», деді спикер Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.

Елді мекендерді қорғау үшін ұзындығы 32 шақырымды құрайтын жағалаулар салынып, 18 шақырымдық су объектілерінің жағалау сызығы нығайтылды. Су тасқынымен күресуге барлығы 2,5 мың адам, мыңнан астам техника, мотопомпалар мен су көліктері жұмылдырылған. Төтенше жағдайлар, қорғаныс және ішкі істер министрліктерінің өзара іс-қимылы аясында су тасқынына қарсы іс-шараларды күшейту үшін қосымша күштер мен құралдар жұмылдырылды», деді спикер.