Қоғам • 08 Сәуір, 2024

Kaspi.kz су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде тағы 500 миллион теңге аударды

179 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Су тасқыны жағдайы бірқатар облыстарда күрделі күйде қалып отыр. Мыңдаған отбасы уақытша орналастыру орталықтарына жеткізілген. Осыған байланысты бүгін Kaspi.kz қосымша 500 миллион теңге бөлді, деп жазады Egemen.kz.

Kaspi.kz су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде тағы 500 миллион теңге аударды

Қаражат Biz Birgemiz Qazaqstan қоғамдық қорына, жолдарды жөндеуге, құтқару тікұшақтарының жұмысын қамтамасыз етуге, генераторлар, сорғылар, үрлемелі қайықтар мен дәрі-дәрмектер сатып алуға жіберіледі.

«Мен су тасқынынан зардап шеккен аудандарда жүрмін. Апаттың ауқымын көріп отырмын. Біз су тасқынынан зардап шеккен барлық аймақтарға техника ұсынған жалғыз қормыз. Бізге генераторлар, сорғылар, үрлемелі қайықтар, үлкен моторлы қайықтар, қолшамдар, күректер, қаптар керек. Олардың біраз бөлігін сатып алдық, қалған техниканы бізге қарызға берді. Біз бұл қаражаттың дәл қазір қажет екенін түсініп, Kaspi.kz-тен тағы да қосымша көмек сұрадық. Алынған заттардың ақысын төлеу үшін бізге 500 миллион теңге қажет болды. Әрбір қазақстандыққа қайырымдылықтарыңыз үшін және Kaspi.kz бізбен үнемі байланыста болып, барлық қажетті көмекті көрсетіп жатқаны үшін алғыс айтамыз. Бұл көмекке баға жетпейді, мұның арқасында біз зардап шеккен отбасыларға көмекті жалғастыра аламыз!», дейді Biz Birgemiz Qazaqstan ҚҚ төрағасы Перизат Қайрат.

Айта кетейік, Biz Birgemiz Qazaqstan қоғамдық қоры 2020 жылы құрылған. Қор Covid-19 пандемиясы кезінде қазақстандықтарға көмек көрсетті. Арыс қаласында орын алған төтенше жағдай мен Семейдегі орман өртінен зардап шеккендерге көмектесті, сондай-ақ ерекше балалары бар отбасыларды тұрақты қолдайды.

Наурыз айының соңында Kaspi командасы Kaspi.kz қосымшасында онлайн қызмет ұйымдастырған. Ол арқылы жағдайға бей-жай қарай алмайтын әрбір қазақстандық зардап шеккендерге көмектесу үшін «Biz Birgemiz Qazaqstan» қорына қаражат аудара алады. Қазіргі уақытта қорға 100 мыңнан астам қазақстандықтан 145 миллион теңгеден астам қаражат келіп түскен.

Сондай-ақ, Kaspi.kz сүйікті клиенттері мен серіктестеріне көмектеседі және мұқтаж адамдарға несиені кейінге қалдыру мен есептен шығаруды ұсынады. Банк елдегі жағдайды жіті қадағалап, көмек көрсетуді жалғастырмақ.