Алматы • 08 Сәуір, 2024

«Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды

315 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мегаполисте 8 сәуірінен 8 мамырына дейін өтетін «Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында коммуналдық қызметтер мен мердігерлік ұйымдар бағдаршам объектілерін, аялдама павильондарын, жол белгілері мен қаланың көше-жол желісінің басқа да инфрақұрылымын тазалау, жуу мен жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды

Осылайша бір ай ішінде Алматы Қалалық мобильділік басқармасы мен аудан әкімдіктері 480 бағдаршам, 1 765 аялдама павильонын ретке келтіріп, 300 мың шаршы метр жолға жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Қала құрылысын бақылау және құрылыс басқармалары объектілерді құрылыс алаңдарының нормаларына сәйкес келтіру, атап айтқанда абаттандыру қағидалары мен санитарлық нормаларды сақтау бөлігінде жұмыс жүргізетін болады.

щ

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны 8 сәуірден бастап бір ай ішінде мегаполисте өтеді. Шара жеті күнге созылатын бірнеше кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең – «Біздің қала — біздің көшелер» бағыты бойынша өтеді. Ол 14 сәуірге дейін өтеді. Жоспарланған жұмыстар шеңберінде жолдарды орташа жөндеу, қираған учаскелерді қалпына келтіру, қажет болған жағдайда жиектерді ауыстыру, аялдама кешендерін тазалау, жерүсті мен жерасты өткелдерін жуу, төсемдерді қалпына келтіру және тағы басқалар көзделген.

Білім беру бағытына ерекше мән беріледі. Кең ауқымды акция аясында Экология туралы фильмнің тегін көрсетілімі, қоқыс сұрыптау кешеніне «Қоқысты дұрыс сұрыпта» туры, оқушылар арасында пікірталас, сондай-ақ қаланың экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған стартап-жобалар байқауы өтеді.

Көктемгі жаңартуға барша бей-жай қарамайтын қала тұрғындары қатыса алады. Олар өз аулалары мен іргелес аумақтарды ретке келтіреді. Сондықтан екінші кезең «Біздің қала – біздің аула, біздің үй» деп аталуы кездейсоқ емес. Қала тұрғындары 20 сәуірде жоспарланған сенбілік-ағаш отырғызуға, қоршаулар мен орындықтарды бояуға белсенді қатысу арқылы өздерінің азаматтық жауапкершілігін көрсете алады. Мегаполисте алғаш рет «Қоқысты бір стақан кофеге айырбастау» акциясы өтеді. Сондай-ақ, «Үздік аула», «Үздік аула сыпырушы» және «Коммуналдық қызметтің үздік қызметкері» байқауларын өткізу жоспарланған.

Науқанның келесі кезеңі – «Біздің қала – біздің таулар, өзендер мен көлдер» - жағалаулар мен су айдындарын, саябақтарды, скверлер мен тау бөктерін тазартуға бағытталған.

Жобаның қорытынды соңғы аккорды қалалық сенбіліктер, көшеттер мен гүлдер отырғызу, «Тазалық және денсаулық күні» марафоны, танымдық экскурсиялар, сондай-ақ субұрқақтар күнін қамтитын «Біздің қала — біздің мақтанышымыз» акциясы болады.

Қаланы ең таза әрі жайлы етуге деген ұмтылыс әр тұрғынның борышы. Бірлесе атқарған жұмыс әрдайым жеңіл. Бастамаға кәсіпкерлер, мәдениет пен спорт жұлдыздары, сондай-ақ қоғам қайраткерлері қолдау білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады.

Барлық ақпарат almaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналасқан. Сондай-ақ, веб-сайтқа арнайы QR-код арқылы қала бойынша орналастырылған баннерлерде, плакаттарда және афишаларда кіруге болады.фы

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны туралы барлық ақпарат аlmaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналастырылған. Сондай-ақ веб-сайтқа қала бойынша баннерлерде, плакаттарда арнайы орналастырылған QR-код арқылы да кіруге болады.

Әлеуметтік медиа науқанының белсенді қатысушыларына арналған хэштегтер:
#АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.

щ