Қазақстан • 08 Сәуір, 2024

Елімізде жаңа кәсіби мерекелер атап өтіледі

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіби мерекелер тізіміне өзгеріс енгізілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде жаңа кәсіби мерекелер атап өтіледі

Фото: basnews.kz

Атап айтқанда, тізім төменде көрсетілген мерекелермен толықтырылды:
 
  • Мемлекеттік қызметтерді көрсету қызметкерлері күні – 7 сәуір;
  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері күні – 16 сәуір;
  • Метрология қызметкерлерінің күні – 20 мамыр;
  • Ветеринарлар күні – 10 шілде;
  • Аңшылық қызметкерлерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбісі;
  • Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күні – 1 қазан;
  • Стандарттау қызметкерлерінің күні – 14 қазан;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күні - 18 қараша.

Құжат 22 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.