Әскер • 09 Сәуір, 2024

Шеберлікті шыңдау алаңы

54 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еліміздің Қарулы күштерінде «Алтын Жебе-2024» бө­лім­­­шелері кешенді тексеруден өтті. Басты мақсат – жа­уын­герлердің әзірлігін, кез келген тапсырманы белгі­ленген мер­­­зімде орындауын, қарым-қабілетін тексеру. Сондай-ақ бар­­­лық санаттағы әскеридің далалық білімі мен кәсіптік даяр­­лық деңгейін жетілдіру.

Шеберлікті шыңдау алаңы

Дәстүрлі тексеру аясында 41433 әскери бөлімшесінің сарбаздары нормативтер кешенін тапсырды. Алдымен әскери бөлімдер жауынгерлік әзірлікке келтіріліп, міндеттерді орындау ауданында марш жасады. Мінез бен күш-жігері шыңдалған алаңда жасақ қазіргі заманғы ұрыстың талаптары­ мен шарттарына сай күндіз және түнде армиялық тактикалық оқ ату жаттығуларын орындады.

– «Алтын Жебе-2024» кешенді тексеру кезінде «Қарабан» полигонындағы 41433 әскери бөлімшесі көрсетілген мерзімге 15 шақырым толық есеппен шеру өткізді. Бұл тексерулерде топтардың құрамы оларға жүктелген міндеттерге байланысты қалыптасады. Осыған байланысты олар бірлесіп шеру өткізіп, қорғаныс әдістерін пысықтап, басқа да іс-әрекеттерді шыңдады. Мұн­дай жаттығулар далалық дағдыларды жетіл­діруге, жауынгерлік жағдайға жақын жағдайда жұмыс істейтін бөлімшелердің үй­л­­есімділігіне ықпал етеді. Дәл осындай жағдайларда так­ти­калық бір-бірінің әре­кеттерін сезіп және өз қабілеттеріне деген сенімділік пай­да болады. Барлық қойылған міндет пен нормативті әскери қызметшілер «өте жақсы» пы­сық­та­ды, – деді 41433 әске­ри бөлім­ше­сі­нің ко­ман­дирі подполковник Жалғас Рахым­ға­лиев.

Бөлімшелерді тексеру бағ­дар­ла­ма­сы жыл сайын толықтырылып, күр­де­леніп отырады. Жалпы іс-қимылдар дала аймағында жоспарланады. Бұл маскировка жасауда және шартты жау­мен күресуде ұрысты қиындатуға сеп бо­лады. Тексеру кезінде сарбаздардың бар­лау-іздеу әрекеттері де сыналды. Сон­д­ай-ақ олар әскери топография, дивер­сиялық іс, радиациялық, химия­лық және биологиялық қорғау, меди­ци­­на­лық дайындық бойынша арнайы но­р­ма­тивтерді тапсырды.