Аймақтар • 10 Сәуір, 2024

Маңғыстау облысында Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы ауысты

45 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл қызметке полковник Мұрат Мұханов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысында Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы ауысты

фото: облыстық Төтенше жағдайлар департаменті

ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, Мұрат Мұханов 1985 жылы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. 2006 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген. 2020 жылы Ресей Федерациясы Азаматтық қорғаныс істері, Төтенше жағдайлар және табиғи апаттарды жою министрлігінің Санкт-Петербург мемлекеттік өртке қарсы қызмет университетін бітірді.

Еңбек жолын Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының нормативтік-техникалық бөлімінің инженері лауазымынан бастады.

2006 жылдан 2010 жылға дейін мемлекеттік өрт бақылау бағыты бойынша түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

Әр жылдары мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы, Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

Соңғы атқарған қызметі - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасарының м.а.