Өнер • 09 Сәуір, 2024

Ой мен сезім үндестігі

71 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алмас Нұрғожаев қолтаңбасында көшпелі халқымыздың тұрмыс тіршілігі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы кеңінен көрініс табады. Тұяғымен ор қазып, ауыздығымен алысқан арғымақ, жауына жебедей атылған хас батыр, самалмен жарысып іңкәріне жан сөзін айтуға асыққан бозбала, тіршіліктің тынымсыз қозғалыс пен үздіксіз күрестен тұратынына үңілдіреді, философиялық тереңдікке тартады.

Ой мен сезім үндестігі

Бүгінгі қазақ бейнелеу өне­рін­де өз мәнерін қалыптастырып үлгерген жас суретші ішкі әле­мінің жан толғанысын ұлттық та­қырыптармен ұштастырған. На­ту­раны жалпылау мен мону­мен­та­л­­дауға жүйрік суретші негізгі бей­нені ке­йіптеумен шектелмей, оның жасырын ішкі ма­ғынасын көрсетуді көздейді. Күр­делі қозғалыс пен ракурсқа құ­рыл­ған экспрессияға толы тылсым композициялар кенептегі қа­һарман бейнелерді үздіксіз қозғалыс үстінде көрсетеді.

сч

– Суретші өзінің кескін­де­ме­­лік туындыларында де­та­лдаудан саналы түр­де ал­шақ­­тап, композицияның мо­ну­­мен­­­талдылығына ұмтылады. Ол өзі мен ке­н­ептегі бейненің ара қашықтығын сақ­тай отырып жалпылыққа қол жеткізеді. Яғни сырт­қы тұрмыстық суреттеуден гөрі философиялық ойлауға талпынады. Оған автордың «Әке қанаты», «Диалог», «Ауыз бекіту», «Сырласу», «Келісім алдында» ком­позициялары жақсы мысал бола алады. Мұнда қылқалам шебері басты бей­нені ауқымды етіп көрсетсе, жазықтық бетіндегі зат­тар мен фигуралар үшін кенеп көлемі әрқашан тарлық ете­тіндей әсер қалдырады. Ал «Авто­порт­ретінде» әр кезеңде де өз дәуі­рінің қаһарманы болып табылатын суретші бейнесін күрделі қоз­ғалыста барынша айшықты етіп жаза­ды. Мұндағы суретшінің басты қарулары – қылқалам мен палитра. Сонымен қа­­тар «Ояну», «Қызыл кітап», «Жаңа әуен», «Су­ретшінің жолы», «Шарықтау» ке­неп­­тері тұрмыстың шиеленісін, шы­ғар­машылықтың тынысын, сезім мен ой­дың драмалық диа­ло­гін көрсетеді. Нұр­ғо­жаев шығармашылығында заманауи қа­зақ бейнелеу өнеріндегі жаңа ізденістер мен талпыныстар көрініс табады, – дейді өнер­танушы Самал Мамытова.

Суретші қаламына іліккен та­қырып­тардың желісі кең. Әке мен бала, махаббат, қоғамдағы өт­кір мәселелер, сондай-ақ ең бас­тысы адам және оның өмірмен немесе өзімен күресі. Бұл бейне­лер­дің әрқайсысы ғаламдық тебі­реніспен көмкерілген. Олар өт­кір жағыстар мен монохромды түстер үйлесімінде күрделі ракурс­та шешіліп, дене-бітімдеріне ерекше мән беріле бейне бір мүсінші секілді саз балшықпен емес, түс ар­қы­­лы сомдалады. Жұмақын Қай­рам­­баев, Өмірбек Жұбаниязов се­кіл­ді ұстаздардың шеберхана­сында шың­далған Алмас Нұрғожаев та еңбек жолын ұстаздықпен ұш­тастырған.

см

«Суретші – дәуірдің айнасы. Әр шығар­мадан уақыттың үні есті­ліп тұруы қажет деп есептеймін. Та­рихымыздағы қаһар­ман сю­жеттерді заманауи ізденістермен әр­леп, ұлттық мінезімізді, таным­дық қуа­ты­мызды танытатын дү­ние­лерге бет бұ­рып жүрген жа­йым бар. Меніңше қыл­қа­лам ше­берлері өнер өкілдері ғана емес, олар кү­рескерлер. Адалдықтың, әділ­дік­тің қайтпас жауынгерлері», – дейді А.Нұрғожаев.

Дала халықтарының дәс­тү­­рі мен мә­дениетіне асқан сезім­­талдықпен ден қоюы шы­ғар­машылық иесін ұлттық тақы­рып­тың этноромантикалық биік сатысына жетелейді. Ұлттық мінезге бай суретшілер мектебінің көшін жалғаған туындыгер өз көрерменін терең дүниелермен қуанту үшін үнемі ізденіс үстінде.

 

АЛМАТЫ