Үкімет • 10 Сәуір, 2024

Алаяқтар анықталады: Үкімет тосын мәлімдеме жасады

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметтің баспасөз қызметі Премьер-министрдің атынан фейк ақпарат тарап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алаяқтар анықталады: Үкімет тосын мәлімдеме жасады

«ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мессенджерлерде қаражат аудару туралы өтініш айтылған Премьер-министрдің және Үкімет мүшелерінің атынан ақпарат таратылып жатқанын хабарлайды. Бұл — жалған ақпарат. Оны интернет-алаяқтар таратып отыр. Жалған ақпаратқа сенбеуге, қаражат аудармауға және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырамыз», делінген мәлімдемеде.

Құқық қорғау органдары алаяқтық әрекеттер жасап жатқан адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.