Ауа райы • 11 Сәуір, 2024

Бүгін елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады

87 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 11 сәуірге арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады

Фото: pixabay.com

Мамандардың болжауынша, атмосфералық фронтальды учаскелер Қазақстанның барлық аумағында тұрақсыз ауа райын тудырады, нәтижесінде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. 

Қазақстан бойынша тұман, жел күшейеді, солтүстікте көктайғақ, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.