Осы орайда «Қазгидромет» синоптиктері 12 сәуір күні қалада дауыл тұратынын ескертті.
«Таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Найзағай кезінде желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді», делінген қалалық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Мамандар Алматы тұрғындарына бірқатар кеңес ұсынды:
- жеке үй иелері жаңбыр суын ағызу үшін нөсер кәріздерін және басқа да дренаждық жүйелерді дайындау бойынша шаралар қабылдауы керек;
- әуе электр желілерінің тұтастығына назар аудару;
- тиісті деңгейде күшейтілмеген құрылымдардың астында тұрмаңыз, олардың бұзылуы жарақатқа әкелуі мүмкін.