Қоғам • 11 Сәуір, 2024

Қазақстанда 12 мың бала тұрмысы нашар отбасыларда тұрады

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда 12 мың бала тұрмысы нашар отбасыларда тұрады

«Айта кету керек, бізде 12 мың бала қолайсыз санатта есепте тұрған отбасыларда тұрады. Бұл ретте балалар үйде ата-анасының қасында, оларды ешкім құқығынан айырған жоқ. Олармен профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, бұл отбасылар үнемі бақыланады», деді Динара Зәкиева.

Оның айтуынша, бұл баланың өз отбасында өмір сүру мүмкіндігін барынша сақтау үшін жасалып жатыр.

«Мемлекетіміздің мақсаты – отбасы институтын нығайту. Сондықтан баланы себепсіз алып кету дұрыс емес», деп қосты Д.Зәкиева.

Сондай-ақ Динара Зәкиева тұрмысы төмен немесе нашар отбасылардағы балаларды әкетудің жаңа заңнамалық тетіктерін енгізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

«Қазіргі қолданыстағы заңнамада, Отбасы кодексінде балаларды әкетудің, ата-ана құқығынан айырудың және шектеудің барлық негіздері бекітілген. Жаңа себептер жоқ», деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екі оқылымда мақұлданды.