Қаныш Имантайұлымен кездескен сәтін Александр Викторович: «Қаныш Сәтбаев – Томск технологиялық институтында білім алған қазақтың жас инженері. Баянауыл әндерінің тамаша білгірі және жақсы орындаушы, ол осы жинаққа тек әуендер мен әндерге қатысты ғана емес, сонымен қатар әннің сөздеріне қатысты да бірқатар құнды хабарламалар берді, әрі осы әннің сөздерін орыс тіліне аударды», деп жазып кеткен еді.
Ғалымның 125 жылдық мерейтойы қарсаңында Сәтбаев қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі алғаш рет «Қаныш салған әндер-ай..» атты облыстық фестиваль ұйымдастырды. Фестиваль барысында Жаңааарқа ауданынан, Жезді кентінен, Сәтбаев қаласынан келген Б.Сарымсақов, Е.Әлғожин, А.Смағұлов, М.Сейітқамалова, Ж.Сыздықов, М.Саяжанқызы, Е.Көшенов, Ж.Омарова және басқа да әншілер Қаныш Имантайұлы орындаған әндерді шырқап, көрермен қошеметіне бөленді.
Жиын қатысушыларына арнайы сыйлықтар табысталды.
Ұлытау облысы,
Сәтбаев қаласы