Қоғам • 11 Сәуір, 2024

Ел азаматтары қандай жағдайда ата-ана құқығынан айырылады?

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бүгін мақұлданған «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» заң жобасы бойынша маңызды сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ел азаматтары қандай жағдайда ата-ана құқығынан айырылады?

Сенат Төрағасы түсіндіргендей, әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң ата-ана құқығынан айыруды көздемейді. Құжат ережелері әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында әзірленді. 

Мәулен Әшімбаев түсіндіргендей, егер ата-ана өзінің баласына зиян келтірген болса, тиісінше жауапқа тартылады. 

«Егер ата-ана баласына қатігездікпен қарап, зорлық-зомбылық әрекеттеріне барса, тиісті органдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес ата-ананы құқықтарынан айыру туралы мәселені көтере алады. Мұндай мәселелерді мемлекеттік органдар қарайды, одан әрі сотта қаралады және тек сот шешім қабылдай алады. Ал сот баланың мүддесіне негізделіп шешім қабылдайды», деді М.Әшімбаев. 

ж

Еске салайық, бүгін сенаторлар Палата отырысында «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды және оған ілеспе «ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екі оқылымда мақұлдады.