Аймақтар • 12 Сәуір, 2024

Қалғұты өзені арнасынан асып кетті

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12 сәуірде қатты жауын-шашынның салдарынан Күршім ауданындағы Қалғұты өзенінің суы арнасынан шығып, жазық аумаққа жайылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қалғұты өзені арнасынан асып кетті

Күршім ауданы әкімдігінің хабарлауынша, облыстық маңызы бар «Күршім-Ақсуат» жолының 23 км шақырымында тас жолды шайып кету қаупі төнгендіктен, жиналған суды өткізуге арналған арна салынды. Жол Аманат, Жолнысау және Ақсуат елді мекендерін жалғайды.

Қазіргі таңда, тұрғындар ауылдарға айналма жолмен жетеді. Аталған елді мекендерде барлығы 705 адам тұрады. Қазіргі уақытта жолды қалпына келтіру жұмыстарына қажетті материалдар дайындалып, тасымалданып жатыр. Су деңгейі төмендегеннен кейін жөндеу жұмыстары бірден басталмақ.

Сондай-ақ, Күршім ауданының әкімі, «ОблШығысЖол» ЖШС, коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері оқиға орнында жүргенін хабарлаймыз.