Аймақтар • 12 Сәуір, 2024

20 млн теңге қарызы бар шымкенттік жүргізуші ұсталды

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарызға белшесінен басқан азаматтың көлігі айыптұраққа қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

20 млн теңге қарызы бар шымкенттік жүргізуші ұсталды

Қала көшелерін патрульдеу кезінде полк инспекторлары «Hyundai Tucson» көлігін тоқтатқан. Автокөлік иесінің атқарушылық іс жүргізу бойынша 20 миллион 345 мың теңге қарызы бар екендігін «қорғау» қосымшасы анықтаған.

Тәртіп сақшылары жүргізушіге төлемдер туралы ескертіп, көлікті айыптұраққа қойды.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, қала тұрғыны қарызын өтегеннен кейін ғана автокөлігін қайта ала алады.