Спорт • 13 Сәуір, 2024

Азия чемпионаты: Қоржында – еркін күрестен төрт медаль

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғыз елінің бас қаласы Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатын еркін күрестен Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 4-орынмен аяқтады, деп жазады Egemen.kz.

Азия чемпионаты: Қоржында – еркін күрестен төрт медаль

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Асыл Айтақын (61 келі) және Ризабек Айтмұхан (97 келі) күміс жүлде жеңіп алды. Ал Мейрамбек Қартбай (57 келі) қолаға қол жеткізді.

Париж Олимпиадасы лицензиясының иегері Азамат Дəулетбеков (86 кг) ирандық Хади Вайаейпураны ұпай санымен ұтып, содан кейін жартылай финалда қытайлық Пейлонг Лиді (11-0) таза жеңіп, финалда Олимпиаданың тағы бір иегері, өзбек балуаны Джабраил Шапиевті жықты.

Айта кетсек, Ұлттық құрама көшбасшысы Азамат Дәулетбеков осымен Азияның үш дүркін чемпионы атанып отыр. Ол сонымен қатар 2017 жылы Делиде күміс, 2018 жылы Бішкекте қола медаль жеңіп алған.